Онлайн газет



ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Мемлекет басшысының бастамасымен биылдан бастап күнтізбеге 23 сәуір – Ұлттық кітап және Кітапханашылар күні мерекесі енгізілді.  Осы мерекеге орай, аудандық орталық кітапханасында «Кітап - сарқылмас рухани қазына» атты мерекелік кеш өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, жастарды кітапқа баулу және ұлттық әдебиетті насихаттау.
Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров, ақындар Асан Әлмақашұлы, Қасқырбай Нарбатыр, Перизат Оспанова, аудандық Билер

Обновлено 28.04.2026 12:48
Толығырақ...
 
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Өткен аптада  Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауданымызда білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары арасында «Халықтар достығы» атты тағылымы мол фестиваль өтті.
№7 орта мектепте өткен бұл іс-шара ұлттар арасындағы татулық пен бірлікті нығайтуға, жас ұрпақтың бойында достық, сыйластық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды. Фестивальдің ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Құралай Өсембекова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында аудан мектептері түрлі ұлттардың мәдениетін таныстырып, сахна төрінде өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, қазақ, орыс, кәріс, түрік, украин және

Обновлено 28.04.2026 12:47
Толығырақ...
 
ОҚУҒА ҚҰШТАР ҚЫЗ - ҰЛТ ҮМІТІ

Қазіргі жаһандану дәуірінде жастардың өмір салты түбегейлі өзгеріп, уақыттың басым бөлігі әлеуметтік желі мен түрлі цифрлық платформаларға тәуелді болып бара жатқаны жасырын емес. Ақпарат ағынының жылдамдығы артқан сайын, терең ойлануға жетелейтін кітап оқуға деген қызығушылықтың бәсеңдеуі де қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Дегенмен, осындай кезеңде кітапты серік етіп, рухани дамуды басты орынға қоятын жастардың бар екені көңіл қуантады. Олар-ойы сергек, талғамы биік, болашағына жауапкершілікпен қарайтын өскелең ұрпақтың айқын көрінісі. Солардың бірі - Сарыкемер ауылының тұрғыны, №7 орта мектептің 8-сынып оқушысы Мадина Қибат.
Мадинаның кітапқа деген сүйіспеншілігі бала кезінен бастау алған. Оның алғаш оқыған кітабы-“Менің атым Қожа”. Осы шығарма жас оқырманның қиялын

Обновлено 28.04.2026 12:44
Толығырақ...
 
ТАЗАЛЫҚ - ІШКІ МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ

Көктемгі екі айлық аясында Талас өзені бойында ауқымды экологиялық тазалық жұмыстары өткен болатын. Жағалауды қоқыстан арылтып жүргендердің қатарында ауданның әр саласында еңбек ететін қызметкерлер болды. Қолына қолғап киіп, қап арқалаған жандардың ішінде дәрігер де, мұғалім де, әкімдік қызметкері де бар. Бір қарағанда – үлгілі іс. Бірақ сол көріністің тасасында мазалайтын бір сұрақ тұр. Тазалық тек солардың міндеті ме?
Өзен жағасына барып көріңізші. Кеше ғана тазаланған аумақ бүгін қайтадан қоқысқа толып жатады. Пластик бөтелке, тағам қалдықтары, пакеттер… Табиғатқа тасталған әрбір қалдық-адамның өзіне деген құрметінің өлшемі емес пе? «Бәрі де тастап жатыр ғой» деген сылтаумен жауапкершіліктен қашу – қоғамның үнсіз дертіне

Толығырақ...
 
ЖАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде, түрлі интернет-платформалар мен мессенджерлерде «оңай табыс», «тез пайда», «қаржыны қысқа уақытта көбейту», «инвестиция арқылы жоғары кіріс табу» деген мазмұндағы жарнамалар жиі кездеседі.
Мұндай хабарламалар сырт көзге тартымды көрінгенімен, көп жағдайда олардың артында кәсіби алаяқтар тұрады.
Әдетте мұндай алаяқтық схемасы бір қарағанда сенімді көрінеді. Алдымен азаматтың назары жарнамаға аударылады. Сілтемеге өткен адам тіркеліп, байланыс деректерін қалдырады. Осыдан кейін өздерін

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін994
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада994
mod_vvisit_counterӨткен аптада15529
mod_vvisit_counterОсы айда43795
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі4021887

Серіктестер