Онлайн газет



СОТ БИЛІГІ

Қазіргі таңда қоғам назарын аударатын сот істерінің саны артып келеді. Мұндай істер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаумен қатар, сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігін көрсетеді. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың құқығы, алаяқтық, отбасылық дау-дамайлар, сыбайлас жемқорлық және қоғамдық тәртіпке қатысты істер көпшілік арасында ерекше қызығушылық тудырады.
Сот билігінің басты мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау. Қоғамдық резонанс тудырған істерді қарау барысында соттардың бейтараптығы,  дәлелдемелерді жан-жақты зерттеуі және заң талаптарын қатаң сақтауы

Толығырақ...
 
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ

Гендерлік саясат – қоғам дамуының маңызды бағыты. Қазіргі қоғамда гендерлік саясат мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Гендерлік саясаттың негізгі мақсаты – әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету, қоғам өмірінің барлық саласында әділдік қағидатын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Бүгінде әйел азаматтардың мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлікте, білім мен ғылым саласында белсенділігі артып келеді. Сонымен қатар ер азаматтардың да отбасы тәрбиесіне, әлеуметтік жауапкершілікке

Обновлено 18.05.2026 10:23
Толығырақ...
 
ҚОЛӨНЕРМЕН КӨРКЕЙГЕН ШАҢЫРАҚ

Қай қоғамда болмасын отбасының орны ерекше. Шаңырақтың шаттығы мен берекесі – ең алдымен ата-ана еңбегі мен өзара түсіністігінің жемісі. Бүгінде Сарыкемер ауылында өз еңбегімен көпке үлгі болып жүрген жандардың бірі – көпбалалы ана, іскер кәсіп иесі Перизат Құрбанова. 1986 жылы дүниеге келген Перизат – төрт перзент тәрбиелеп отырған аяулы ана. Жолдасы Жәнібек Ақшабаевпен бірге екі ұл мен екі қызды тәрбиелеп, бүгінде еңбек пен ынтымақтың, татулық пен тірліктің нағыз үлгісіне айналған. Қарапайым ғана ауыл тіршілігін кәсіппен ұштастырып, маңдай терімен нәсібін тауып отырған жанұяның еңбегі көпке өнеге.
Отбасының

Обновлено 18.05.2026 10:28
Толығырақ...
 
АРДАГЕР АҒА

Ауданымыздың ардақты азаматтарының бірі - ұзақ жылдар мемлекеттік қызметтер атқарған, еңбек ардагері, “Байзақ ауданының Құрметті азаматы” Абдуалиев Тілеуқұл ағамыз 80 жасқа келіп отыр. Өмірінде қызметіне адал ағамыздың еңбек өтілі 40 жылдан астам болса, соның 36 жылын мемлекеттік қызметке арнаған екен. Тілеуқұл аға ауданымыздағы Мырзатай ауылында 1946 жылдың мамыр айында шаруа жанұясында дүниеге келген.
Төкең ауданымыздағы Ново-Ивановка (қазіргі Жамбыл атындағы) орта мектебін бітірген соң қызметтік жолын сол мектепте еңбек етумен бастайды. Одан кейін өзі оқыған Дихан жетіжылдық мектебінде қызмет істейді.
Осы жылдарда ағамыздың өмірінде үлкен табысты кезең басталып, жоғары білімді маман дипломын алып, 24 жасында сол кездегі билік басындағы компартияның мүшелігіне қабылданады. Бұл сол заманның мөлшерінде қатардағы азамат үшін өмірдегі үлкен жетістік саналған. Ол кісі Чапаев атындағы орта мектебіндегі ұстаздық қызметінен әскер қатарына

Обновлено 18.05.2026 10:21
Толығырақ...
 
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ

Республикалық деңгейде Қазақстанның әрбір өңірінде 2026 жылдың 11-15 мамыр аралығында «Созылмалы жүрек жетіспеушілік апталығы» өтуде. Оған сырқаттар санының артуы себеп болып отыр.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ)-жүректің ағзаға қажетті қан көлемін толық айдай алмауынан туындайтын дерт. Бұл ауру бір күнде пайда болмайды, көбіне ұзақ уақыт бойы жүрекке түсетін салмақтың артуынан дамиды.
Ауру қалай пайда болады?
Жүрек-біздің ағзамыздағы ең маңызды мүшелердің бірі. Ол қан арқылы оттегі мен қоректік заттарды бүкіл денеге таратады. Егер жүрек әлсіресе, ағза мүшелері қажетті қоректі ала алмайды. Соның салдарынан адам өзін әлсіз сезінеді.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі көбіне

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін962
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада962
mod_vvisit_counterӨткен аптада15529
mod_vvisit_counterОсы айда43763
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі4021855

Серіктестер